Кәсіптік бағдар беру.

Кәсіптік бағдар беру шарасының мақсат-міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі, соның ішінде мұғалімдік мамандық және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; Оқушылардың алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі психолог,тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Мектебіміздің психологы ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады деген көзқарасты ұстанды. Нәтижесінде, 9-сынып бітірушілер арасында «Дене шынықтыру және спорт», «Өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша оқуға келетіндерін айтты. Қалған оқушылар ойланып, бір шешімге келмегендерін және ата-аналарымен ақылдасатындарын айтты. 11 сынып оқушыларының барлығы дерлік алдымен ЖОО бақтарын сынап көретінін айтты. Бірақ олардың арасында педагог мамандығын таңдаған. Қорытынды: 57 талапкердің 31 –і педагогикалық мамандықты таңдау арқылы өздерінің қоғамдағы орнын беделді, үлгілі тұлға боламыз деп ойлайды; мамандық таңдауда кейбір оқушылар бірнеше мамандықты белгілеген, бірақ көпшілігі мына мамандықтарды таңдаған: дене тәрбиесі және спорт , негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі , математика мұғалімі, туризм, өрт сөндіру қызметкерлері,оқушылар еліміздегі ең беделді және білім сапасы жоғары оқу орындарын таңдады.