Мектебімізде педагогикалық кеңес тренинг форматында өткізілді
14.10.2026
Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас
Мектебімізде маңызды әдістемелік іс-шара — тренинг форматында өткізілген педагогикалық кеңес аяқталанды. Кездесудің негізгі тақырыбы: «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» болып бекітілді. Мұндай формат ұстаздарға жай ғана ақпарат тыңдап қана қоймай, заманауи білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Кеңес барысында мұғалімдер жаңа оқу жылын ұйымдастырудың маңызды бағыттарын жан-жақты қарастырды:
- Оқу процесін ұйымдастыру: Жаңа оқу жылын жоспарлау және мұғалімдердің оқу жүктемесін тиімді бөлу арқылы оқу процесін оңтайландыру.
- Тәрбие жұмысы: Оқушылардың бойында жоғары моральдық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері.
- Цифрландыру: Оқыту сапасын арттыру және педагогтердің күнделікті жұмысын жеңілдету мақсатында жасанды интеллект технологияларын білім беру процесіне енгізу.
- Әдістемелік қолдау: Тірек мектептеріне әдістемелік көмек көрсету және білім беру стандарттарын бірдей деңгейге жеткізу мәселелері.
Кеңестің басты ерекшелігі — интерактивтілікте. Ұстаздар топтық жұмыстарға белсенді қатысып, инновацияларды мектеп тәжірибесіне енгізудің практикалық шешімдерін әзірледі. Бұл тәсіл ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеруге және нәтижеге бағытталған біртұтас білім беру ортасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Просмотров: 5