Отбасы – бақыт мекені
14.10.2026
Тәрбиелік сағат: Отбасы құндылықтарының маңызы
Отбасы күніне орай мектебімізде маңызды тәрбиелік шаралар өткізілуде. Осы аясында «Ә» сынып оқушылары үшін «Отбасы деген…» тақырыбында арнайы сынып сағаты ұйымдастырылды.
Сынып сағаты барысында бүлдіршін оқушылар келесі маңызды мәселелерді талқылады:
- Отбасы мүшелерімен араласу және олар туралы әңгімелесу;
- Отбасының адам өміріндегі шексіз маңызы мен рөлі;
- Ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен сенім;
- Қамқорлық пен сүйіспеншіліктің отбасылық бақытқа әсері.
Оқушылар өз ойларын еркін айтып, отбасылық дәстүрлерімен бөлісті. Бұл шара балалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы оқушыларды отбасы құндылықтарын құрметтеуге, ата-ананы қадірлеуге, бауырмал әрі қамқор болуға тәрбиелеу көзделген.
Отбасы – әрбір адамның алтын діңгегі. Оны сақтау және құрметтеу – әр баланың парызы.
Просмотров: 304